Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.Арман Оразбайұлы Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
2025 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Сурет: akorda.kz









