Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өңірін тұрақты дамытудағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды

Арал өңірін тұрақты дамытудағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды

Бүгін ауданда «Арал өңірін тұрақты дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы комитеті ұйымдастырған халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық қоғамдастық өкілдерінің Қызылорда облысына сапары аясында өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Арал өңірінің тұрақты дамуына, экологиялық ахуалды жақсартуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар мен бастамаларды талқылау.

Дөңгелек үстелге Халықаралық Аралды құтқару қорының, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың, Франция Елшілігінің, Француз даму агенттігінің (AFD), ЮНИСЕФ-тің, аудан әкімдігінің, білім беру мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Талқылау барысында Қазақстан–Франция ынтымақтастығының перспективалары, Арал теңізі бассейні мен Орталық Азиядағы халықаралық жобалар, сондай-ақ Арал өңірінде жүзеге асырылып жатқан «Су және білім беру» жобасының нәтижелері таныстырылды.
Кездесудің маңызды бөлігі ашық пікірталасқа арналды. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және Арал өңірінің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

10 қыркүйек 2026 ж. 70 0