"Кинестетика арқылы жаңа туған сәби күтімін жасауға, сал ауруына шалдыққа балалар мен ересектерге тереңірек көмектесіп, егде жасқа дейін олардың өз бетімен қимыл-қозғалыс жасай алуына мүмкіндік беруге болады. Кинестетика — өзіңнің және өзгенің денесін, қимылын дұрыс қабылдай білу туралы ғылым. Дені сау адам әрбір қимыл-қозғалысы қалай жүзеге асатыны туралы ойламайды. Егер орныңнан көтеріліп, отырғың келсе - арқаңды көтеріп отырасың. Ал ауруға шалдыққан адам мұны істей алмайды. Кинестетика әдісі іс-қимылды бұлшықетке салмақ түсірмей, ауырсынуды болдырмай жасауды үйретеді. Ем-шара жасап жатқан бала іс-қимылды қалай жасайтынын түсіну үшін өзіңді сол баланың орнына қоя білуің керек. Сонда ғана оған қимылдауды дұрыс үйрете аласың", - дейді Германиядан келген маман Норберт Фельдман.