Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
stan.kz
Фото: nazarbayev.kz
Фото: nazarbayev.kz25 қыркүйек күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады”, – делінген хабарламада.
Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Мемлекет басшылары қазақстандық әскерилердің қаза болуына байланысты Тоқаевқа көңіл айтты
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Алғашқы ресми мәліметте тоғыз әскери қызметкердің қаза тапқаны, үшеуінің құтқарылғаны хабарланған еді.
Кейін іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметкердің денесі табылғаны хабарланды. Осылайша, қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Үш әскери қызметші құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін өңірге қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған арнайы комиссия жіберілген. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.