Арал қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы балаларға қызмет көрсетуде
Бүгінде Арал қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы толыққанды жұмыс істеп тұр. Өткен жылы ашылған нысан ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған өңірдегі маңызды әлеуметтік орталықтардың бірі.Орталықта балаларға медициналық оңалту, емдік дене шынықтыру және физиотерапиялық ем-шаралар жүргізіліп, логопед пен дефектологтың, еңбек терапиясы маманының кеңесі беріледі, сонымен қатар ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетіледі.
Мұнда әр балаға жеке жоспар жасалып, қозғалыс, сөйлеу, ойлау және әлеуметтік бейімделу дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кабинеттерде білікті мамандар қызмет атқарады.
Орталықтың жұмысы Арал ауданы мен жақын аудандардағы отбасылар үшін оңалту қызметінің қолжетімділігін арттырып, балалардың облыс орталығына бармай, өз ауданында сапалы көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.












