Ақбасты ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған
Арал ауданына қарасты Ақбасты елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі іске қосылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары таза ауыз суды тұрақты пайдалануда.Бұған дейін тұрғындар ауыз суды жерасты құдығынан тасымалдап тұтынса, бүгінде су әрбір тұрғын үйге жеткізілген. Бұл ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, күнделікті тіршілігін жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Ауыз су жүйесінің іске қосылуы – елді мекеннің инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Тұрғындар үшін таза ауыз суға қолжетімділік артып, қолайлы өмір сүруге қажетті жағдай жасалды.
Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Ақбасты ауылында іске қосылған ауыз су жүйесі бүгінде тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.
"Толқын ақпарат"











