Аудан тұрғындарын қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету шарлары туралы

Сонымен қатар өндірістік бақылау жүргізуге келісім-шарт негізінде «Ұлттық сараптама орталығы» Арал аудандық бөлімшесімен ауыз су сапасына зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Басқарманың бақылауымен жылына екі рет көктемгі және күзгі жуу-залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аудан көлеміндегі ауыз су сапасына мониторинг жүргізу барысында ай сайын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (құдық) ауыз су жүйелерінен зерттеуге 491 су сынамалары алынып, зерттелді. Зерттеу нәтижесімен ауыз су сынамалары қағида талаптарына сай болды.
Қазіргі таңда ауданымыздың Ақбасты, Абай, Тоқабай, Көктем елді мекендеріне орталықтандырылған ауыз су жүесімен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларын жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Арал аудандық Сэбб басшысы А.Сатекеева