Ауыз суға мониторинг жүргізілді

Арал ауданы халқының 93,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен, 5,8 пайызы орталықтандырылмаған ауыз су жүйесімен, 0,7 пайызы тасымалды жолмен қамтамасыз етілген. Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі атқарады. Кәсіпорын өз алдына бөлек ведомстволық зертханамен жабдықталғандықтан халық тұтынып отырған ауыз судың сапасына күнделікті қадағалау жүргізіп отырады. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен аудан көлемінде 2022 жылы орталықтандырылған ауыз су нысандарынан жоспарлы тексеру кезінде және ай сайынға ауыз су сапасына жүргізілген мониторинг нәтижесімен микробиологиялық көрсеткіштерге барлығы 73 сынама алынып,сәйкессіздік анықталған жоқ.
Орталықтандырылған ауыз су нысандарынан химиялық көрсеткіштерге 117 сынама алынып, оның 22-сі сәйкес келмеді. Осы сәйкессіздікке байланысты Арал ауданының елді мекендердегі су құбырына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Аудандағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2022 жылы көктемгі және күзгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Басқарма тарапынан аудан тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізуі жалғасын таба береді. "Ауру астан" дейді дана халқымыз, ал астың бәрі судан нәр алатындығын ұмытпайық ағайын!
Г. САҚТАҒАНОВА,
Арал аудандық СЭБ басқармасының бас маманы