Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі

Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі

Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады.Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия т.б жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Арал ауданында ауыз су жерасты су көздерінен алынады. Жер асты су көздерінен жер үсті су көздерінен айырмашылығы сырттан судың ластануына жол берілмейді, әрі құрамы мен температурасы бірқалыпты болады. Арал халқы үшін ауыз судың маңызы өте зор. Ауыз судың сапасын қадағалап адам организміне зиянын болдырмау мақсатында Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс жасауда. Ауданымызды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету қызметін «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі атқарады. Кәсіпорын өз алдына бөлек ведомстволық зертханамен жабдықталғандықтан халық тұтынып отырған ауыз судың сапасына күнделікті қадағалау жүргізіп отырады. Сонымен қатар басқармамен аудандағы ауыз судың сапасына мониторинг жүргізіліп, зертеуге ауыз су сынамалары алынып, тексеріліп отырады.
Ауданымыздағы орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне 2022 жылдың көктемгі күшейтілген хлормен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ал күзгі күшейтілген хлормен жуу залалсыздандыру жұмыстары қыркүйек ацына жоспарланған. Басқарма тарапынан аудан  тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне, ауыз су арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізуі жалғасын таба береді.
Ж. Оразбаев
Арал  аудандық  СЭББ бас маманы                     
18 тамыз 2022 ж. 736 0