Қазақстан Нью-Йоркте тұрақты даму мақсаттарына қатысы есебін таныстырады - Мамин

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл инвестиция және оны жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктер жасап, технологиялық шешімдерді дамыту инвестициялық жобаларға арналған негіз екенін айтты. «Қазақстан әлемнің жаһандық индексінде 17-орынға тұрақтады. Тұрақты даму мақсаттарының және оларға қатысты бастамалардың басым бөлігі біздің стратегиялық құжаттарымызбен барынша ықпалдастырылған. Үкімет БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары аясындағы бастамаларына да жан-жақты қолдау көрсетеді. Тұрақты даму мақсаттарын енгізудің алғашқы айларының бірінші ерікті есебін Нью-Йоркте саяси деңгейде ұсынбақпыз», - деді А.Мамин.