Президент жолдауын іске асыру 70 медициналық нысан салынып, 77 мың МСАК қызметкеріне қосымша ақы төленеді
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде алдағы үш жылда балалар ауруханаларын, перинаталдық орталықтар мен оңалту орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жаңа медициналық нысандарға қажеттілігіне медициналық-демографиялық ахуал мен тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып, талдау жүргізуді бастады», – деді министр.
Ана мен бала денсаулығын сақтау және акушерлік көмектің сапасын арттыру мақсатында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда және Орал қалаларында жалпы қуаты 1 700 төсектік 8 заманауи перинаталдық орталық салу көзделген.
Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жалпы қуаты 1 550 төсектік 7 көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Сонымен қатар Астанада 200 төсектік балалардың шұғыл көмек көрсету орталығы мен 350 төсектік балалар хирургиясы орталығын құру жоспарланған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде алдағы үш жылда балалар ауруханаларын, перинаталдық орталықтар мен оңалту орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жаңа медициналық нысандарға қажеттілігіне медициналық-демографиялық ахуал мен тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып, талдау жүргізуді бастады», – деді министр.
Ана мен бала денсаулығын сақтау және акушерлік көмектің сапасын арттыру мақсатында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда және Орал қалаларында жалпы қуаты 1 700 төсектік 8 заманауи перинаталдық орталық салу көзделген.Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жалпы қуаты 1 550 төсектік 7 көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Сонымен қатар Астанада 200 төсектік балалардың шұғыл көмек көрсету орталығы мен 350 төсектік балалар хирургиясы орталығын құру жоспарланған.











