Арал қаласында Сартай батырдың 315 жылдығына орай облыстық ат бәйгесі өтті
Бүгін қала сыртындағы ипподромда Сартай батыр Байжанұлының туғанына 315 жыл толуына орай облыстық ат бәйгесі ұйымдастырылды.
Ұлттық рух пен ата-баба дәстүрін ұлықтаған дүбірлі додаға Қызылорда облысының әр өңірінен келген шабандоздар қатысып, жүйріктерін бәйгеге қосты. Жарыс барысында қатысушылар үш түрлі қашықтық бойынша бақ сынап, сәйгүліктердің жүйріктігі мен шабандоздардың шеберлігін көрсетті.Аталған шараның негізгі мақсаты – Сартай батыр Байжанұлының рухына тағзым ету, батырдың 315 жылдық мерейтойын кеңінен атап өту, ұлттық ат спорты түрлерін дамыту мен насихаттау, сондай-ақ халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіру.
Жарыс жолына шыққан сәйгүліктер мәреге жету үшін бар күшін салып, көрермендерге тартысты бәсеке сыйлады. Әсіресе ұзақ қашықтықты қамтыған аламан бәйгеде шабандоздар мен тұлпарлардың төзімділігі сынға түсіп, жарысқа жиналған жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.
Тай жарысы:
1-орын – Қасқырбай Ерболат (Қазалы ауданы, Шиелі ауылы);
2-орын – Бибазаров Күзембай (Қармақшы ауданы, Дүр-Оңғар ауылы);
3-орын – Жаңабаев Қалдыбай (Арал ауданы, Қарақұм ауылы);
4-орын – Әлжанов Құттыбай (Арал ауданы, Аралқұм ауылы);
5-орын – Амановтар әулеті (Арал ауданы, Аралқұм ауылы).
Құнан бәйге:
1-орын – Нұрлыбайұлы Рамазан (Арал қаласы);
2-орын – Нұрпейісов Нұрдәулет (Қазалы ауданы);
3-орын – Нұрлыбайұлы Рамазан (Арал қаласы);
4-орын – Садыбеков Мейіржан (Арал ауданы, Көктем ауылы);
5-орын – Мәстибаев Бағлан (Арал ауданы, Қызылжар ауылы);
6-орын – Байман (Арал ауданы, Көктем ауылы).
Аламан бәйге:
1-орын – Төлемісовтер әулеті (Арал ауданы, Аралқұм ауылы);
2-орын – Бозғұлбаев Ғабит (Қазалы ауданы, Құмжиек ауылы);
3-орын – Әлжанов Құттыбай (Арал ауданы, Аралқұм ауылы);
4-орын – Жаңабаев Бақыт (Қазалы ауданы);
5-орын – Нұрлыбайұлы Рамазан (Арал қаласы);
6-орын – Рсалиев Сағыныш (Қазалы ауданы);
7-орын – Берекет Ақтілек (Арал ауданы, Қызылжар ауылы).
Жарыс нәтижесінде үздік өнер көрсеткен шабандоздар мен жүйріктердің иелері Арал ауданы әкімдігі және демеушілер тарапынан тағайындалған қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кету керек, аламан бәйгенің бас жүлдесі ретінде LADA GRANTA автокөлігі табысталды.
Ұлттық спортты ұлықтаған бұл шара – халқымыздың жылқы түлігін ерекше қадірлеген салт-дәстүрін жаңғыртып, батырлар рухына құрмет көрсету мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі болды. Сонымен қатар облыс көлеміндегі ат спорты жанашырларының басын қосып, өңірдегі ұлттық спорттың дамуына серпін берді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі













