Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде

Қазақстанда транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің айтуына қарағанда, Еуразия құрлығының жүрегіндегі Қазақстан Жібек жолы ретінде белгілі ежелгі сауда жолдарын жаңартудың үлкен негізгі көліктік тізбегі бола білді.

ХІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде «Еуропа мен Азияны жалғастыру: Қазақстанның жаңа Жібек жолы жүрегіндегі рөлі» атты «дөңгелек үстел өтті.
«Қазақстан – Азия мен Еуропа арасындағы жерүсті саудасы үшін көліктік және логистикалық орталық. Бұл ретте жүктерді жеткізу жылдамдығы арта түсті – ең бастысы құрғақ бағыттың теңіз алдындағыдан бәсекелестік артықшылығында», - деді Ж.Қасымбек.
Ляньнюнган қаласының мэрі Фан Вэй Ляньюнган портын дамытуда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының белсенді қатысуын атап көрсетті.
«Порттағы бірлескен қазақстандық-қытайлық терминал екі ел логистикалық жүйесін біріктіруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасында бұл бағыттағы сауда айналымы 15 млрд долларды құрады», - деді Фан Вэй.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколов  контейнерлік транзиттің айтарлықтай артқанын ашып көрсетті. Егер 2017 жылы Қазақстан аумағы арқылы 347 мың ЖФЭ тасымалданса, 2018 жылы  537 мың ЖФЭ, ал осы жылы 824 мың ЖФЭ жетеді деп жоспарланып отыр. Транзиттік тасымалға ерекше маңыз берілуде, өйткені тасымал көлемінің 13% құрағанымен, кірістің 30% алып келеді.
Павел Соколов Қазақстан аумағы бойынша өтетін халықаралық көліктік дәліздің даму перспективасы үлкен екенін алға тартты.
«Бұл бағыттар бойынша жүктерді жеткізудің орташа жылдамдығы – 13 – 16 күн, 10 жыл бұрын шамамен 40 күндей, ал бүгінде 10 күннің өзі көп», деді П.Соколов және «бұл жеткізу мерзімін қысқарту, технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша күнделікті бірлескен жұмыс, бұл өзге елдердегі әріптестермен, көршілес мемлекеттермен өзараықпалдастық», - деді ол.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қазақстанда көлік-логистикалық инфрақұрылымға айтарлықтай инвестиция, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда оң әсер, транзитті дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылғандығына екпін берді. Өз тарапынан қазақстандық теміржолшылар Қазақстан арқылы тасымал көлемін өсіруге, халықаралық көліктік бағыттардың әлеуетін пайдалану жөнінде үлкен жұмыстар атқаруда. Транкаспий бағытына жүктерді тарту үшін, мысалы, ағымдағы жылы жүктелген 40 фунттық контейнерлерге тарифті 610 долларға дейін төмендетті. Кері бағытта қайтқан бос контейнерлерге – 210 доллар.
Құрылған қолайлы тарифтік жағдайлар экспортқа шығарылған қазақстандық жүктердің геграфиясын кеңейтеді және арттыруға мүмкіндік береді.
«Белсенді ыңтымақтастық үшін біздің Компания әрқашан да ашық, Қазақстан аумағы арқылы транзиттің жоспарланған көрсеткіштерге жетуі, бізге маңызды», деп қорытындылады П.Соколов.
https://baq.kz
18 мамыр 2019 ж. 604 0