Заң мен тәртіп отбасынан басталады: бала тәрбиесі баршаға ортақ жауапкершілік
Бүгін қаладағы №262 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң мен тәртіп отбасынан басталады: бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті.
Маңызды жиынға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтар мен ата-аналардың жауапкершілігі төңірегінде ой қозғады.
Кеңейтілген мәжіліске құқық қорғау органдарының басшылары мен сала мамандары, аудан ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар комитеттері мен әкелер кеңесінің, қамқоршылық кеңестердің өкілдері және ата-аналар қатысты.
Жиын барысында аудан прокурорының міндетін атқарушы Руслан Нұрлыбаев «Бала қауіпсіздігі – ортақ міндет» тақырыбында баяндама жасап, заңдылықты қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Бектөре Құдайберген аудан көлеміндегі қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын заңсыз басқаруы мәселесі арнайы көтеріліп, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және заң аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Әділжан Өтегенов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс және балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ №62 мектеп-лицей директоры, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Сәкен Садықов, №220 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы Серік Акуов және №292 орта мектептің ата-анасы Жадырасын Алдашев бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, әке мен ананың жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мен ата-ана өнегесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұл мәселелерге өз пікірін білдірген білім саласының ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы Нұралы Оспанов бала тәрбиесіне, ұлт болашағына қатысты мұндай жиындардың маңызы зор екенін атап өтті.
Басқосу барысында айтылған ойлар мен ұсыныстар бір арнаға тоғысты. Өйткені бала тәрбиесі тек мектептің немесе белгілі бір мекеменің міндеті емес. Бұл ата-ана, ұстаз, қоғам және мемлекет болып жұмыла атқаратын ортақ міндет.
Бала бойындағы тәртіп пен жауапкершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, заңға деген сыйластық ең алдымен отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Балаға ақыл айтудан бұрын, оған үлгі көрсету маңызды. Оның немен айналысатынын ғана емес, қандай ортада жүргенін, нені ойлайтынын, қандай қиындықты бастан кешіп жүргенін де білу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын қорытындысында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмауы қажеттігін атап өтіп, мәжіліс хаттамасына сәйкес жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беруді тапсырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі, тиісті мекемелердің өзара үйлесімді іс-қимылы және профилактикалық шаралардың нәтижелілігіне басымдық берілетін болады.
Заңға құрмет отбасынан басталады, тәртіп тәрбиеден қалыптасады, ал баланың болашағы бәрімізге ортақ аманат. Бүгінгі жиынның негізгі түйіні де осы болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Маңызды жиынға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық етіп, бала тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтар мен ата-аналардың жауапкершілігі төңірегінде ой қозғады.
Кеңейтілген мәжіліске құқық қорғау органдарының басшылары мен сала мамандары, аудан ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар комитеттері мен әкелер кеңесінің, қамқоршылық кеңестердің өкілдері және ата-аналар қатысты.
Жиын барысында аудан прокурорының міндетін атқарушы Руслан Нұрлыбаев «Бала қауіпсіздігі – ортақ міндет» тақырыбында баяндама жасап, заңдылықты қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Бектөре Құдайберген аудан көлеміндегі қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын заңсыз басқаруы мәселесі арнайы көтеріліп, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және заң аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Әділжан Өтегенов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс және балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ №62 мектеп-лицей директоры, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Сәкен Садықов, №220 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы Серік Акуов және №292 орта мектептің ата-анасы Жадырасын Алдашев бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, әке мен ананың жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мен ата-ана өнегесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұл мәселелерге өз пікірін білдірген білім саласының ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы Нұралы Оспанов бала тәрбиесіне, ұлт болашағына қатысты мұндай жиындардың маңызы зор екенін атап өтті.
Басқосу барысында айтылған ойлар мен ұсыныстар бір арнаға тоғысты. Өйткені бала тәрбиесі тек мектептің немесе белгілі бір мекеменің міндеті емес. Бұл ата-ана, ұстаз, қоғам және мемлекет болып жұмыла атқаратын ортақ міндет.
Бала бойындағы тәртіп пен жауапкершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, заңға деген сыйластық ең алдымен отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Балаға ақыл айтудан бұрын, оған үлгі көрсету маңызды. Оның немен айналысатынын ғана емес, қандай ортада жүргенін, нені ойлайтынын, қандай қиындықты бастан кешіп жүргенін де білу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын қорытындысында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстардың назардан тыс қалмауы қажеттігін атап өтіп, мәжіліс хаттамасына сәйкес жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беруді тапсырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі, тиісті мекемелердің өзара үйлесімді іс-қимылы және профилактикалық шаралардың нәтижелілігіне басымдық берілетін болады.Заңға құрмет отбасынан басталады, тәртіп тәрбиеден қалыптасады, ал баланың болашағы бәрімізге ортақ аманат. Бүгінгі жиынның негізгі түйіні де осы болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі











