Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ⚡️Президент: «Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты.

⚡️Президент: «Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты.

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды.
 
Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда.
 
Жаңа мекеме – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады.
 
Түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласында жүргізілетін болды. Азаматтарымыз қазірдің өзінде реформалардың оң ықпалына, игілігіне көз жеткізді.
 
Қазақстан реформаларының ерекшелігі, бұл – алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі «темірдей» логиканың болуы, яғни, нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы.
 
Себебі ауқымды өзгерістер мен үстірт көзқарас ешқашан бірге жүрмейді, бір-біріне кедергі болады. Бұл – заңды нәрсе.
 
Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты».
 
t.me/aqorda_resmi
19 қараша 2026 ж. 48 0