Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата Заң – халық игілігіне

Ата Заң – халық игілігіне

Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының  Конституциясы  2026 жылдың 1-ші шілдесінен бастап күшіне енеді. Қазақстанда Конституция  күні ресми түрде 15 наурыз болып белгіленді. Бұл мереке елімізде 2026 жылы өткен референдум нәтижесінде жаңа Ата Заңның қабылдануына орай бекітілді. Ата заңда адам құқықтары  мемлекеттің басты міндеті ретінде жарияланды. Парламенттік жүйе реформаланып, қос  палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы жаңа заң шығарушы орган – «Құрылтай» құру бекітілді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің ең жоғары құндылығы -адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады .
Азаматтардың өкілдік органы ретінде Халық Кеңесі құрылды.  Қазақстан Халық Кеңесі – елдегі қоғамдық -саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Ол заңнамалық бастама құқығы арқылы маңызды заң жобаларын және оларды талқылауға қатысады. Мемлекеттің ішкі саясаты бойынша сараптамалық  ұсыныстар әзірлейді, халықтың пікірі мен ұсыныстарын билікке жеткізу және маңызды мәселелер бойынша қоғамдық пікір қалыптастырады. Ата Заңдағы жаңа өзгерістер азаматтарға өз пікірін ашық білдіруге және шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Р. СЕРАЛИЕВА,
Арал аудандық Мемлекеттік қазынашылық
басқармасының  басшысы
06 маусым 2026 ж. 40 0