Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданың тынысы жаңарды: Бір жылда не өзгерді?

Қызылорданың тынысы жаңарды: Бір жылда не өзгерді?

Жаңа жылу электр орталығы Aksa Energy компаниясының жылу электр орталығы пайдалануға берілді. Жобаға 215 млрд теңге инвестиция тартылған.

Облыста 7 теміржол вокзалы жаңартылды.

Егіс алқаптары ұлғайды. 2026 жылы облыста егіс көлемі 7,1 мың гектарға артып, 193,7 мың гектарға жетті.

ҰБТ нәтижесі бойынша республикада көш бастады. Өңір үшінші жыл қатарынан ҰБТ-ның орташа балы бойынша 1-орында.

Үш автомобиль жолының құрылысы басталды. «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолдарының құрылысы қолға алынды.

300 орындық, онкологиялық бөлімшесі және ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар көпбейінді аурухананың құрылысы 85%-ға аяқталды.

Қалада 63 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 денсаулық сақтау, 8 спорт, 3 мәдениет, 2 мобилизациялық дайындық нысаны және 43 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны бар.

Аралдың құрғаған табанында тұщы су ұңғымалары іске қосылды.

26 қараша 2026 ж. 24 0