Баға білсең төл өседі, еңбек етіп ер өседі

Облыстық малшылар слетіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері, республикамыздың белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары, жабдықтаушы кәсіпорындар қатысып келеді.
Қызылорда облысында өткізіліп жүрген малшылар слетінің жылдан-жылға маңыздылығы артып, қатысушылардың қатары көбеюде. Былтырғы жылы малшылар слетіне Қызылорда облысын қосқанда 7 өңір өкілдері, нақты айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарының делегациялары қатысып, пікір алмасты. Биыл аймақтағы дәстүрге айналған облыстық малшылар слетіне республиканың барлық облысының делегаттары шақырылуда. Алқалы жиында «Мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері туралы» ғылыми конференция және мал шаруашылығы саласы бойынша көрме ұйымдастыру жоспарлануда.
«Толқын» ақпарат
«Толқын» ақпарат