Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Есеп комитетінің жұмыстарымен танысты

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің жұмыстарымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты. 
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
https://baq.kz
28 мамыр 2019 ж. 789 0