Кез келген сәлемдеме үш күнде жетуі керек - "Қазпошта" басқарма төрағасы

Бұған қоса, "Қазпошта" АҚ инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Кәсіпкерлер үшін 3 фулфилмент-орталық, 4 электронды коммерция орталығы ашылды, АТ-инфрақұрылым жаңартылуда және франчайзинг серіктестерімен жаңа бөлімшелер ашылуда. Интернет дүкендердің иегерлері үшін Қазпошта Kazpost Store қызметін іске қосты, ол өздерінің сайттарында Қазпоштаның пайдалы сервистерін пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржы қызметтері бойынша таяу уақытта Salem Online (картадан картаға аудару), Salem Mobile (QR-код арқылы төлеу), сондай-ақ, банк картасы арқылы өздерінің сайтында кез келген заңды және жеке тұлғалардың адресіне төлемдерді қабылдауға және теңдестіруге мүмкіндік беретін сервистер қолжетімді болады. PayPost интернет-эквайрингі интернет дүкендердің иелеріне кез келген банктің банк карталарынан төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Қолжетімді сервистердің тізімі үнемі толықтырылып және жақсартылып отырады.