Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 2018 жылы онлайн-сатып алушылардың саны 2,32 миллион адамға жетті

Елімізде 2018 жылы онлайн-сатып алушылардың саны 2,32 миллион адамға жетті

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында электронды сауданы дамыту мәселелері қаралдыҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов электронды сауданың әлемдік нарығын дамыту, болжамдар, сондай-ақ Қазақстанда электронды сауданы дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 2018 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсті және 269 миллиард теңгені құрады. Электрондық сауданың үлесі 2,9 пайызға тең. Электронды саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 миллион адам болды. Нарықта 1700-ден аса дербес интернет-дүкен жұмыс істейді, 1 миллион аса ШОБ субъектілеріне өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңдары (маркетплейс) жұмыс істейді. Қазақстандағы электрондық коммерция нарығы құрылымының 68 пайызын тауарлар саудасы құраса, 32 пайызын - көрсетілетін қызметтер құрайды. Тауарлардың ішінде құрылыс материалдары, тұрмыстық техника, косметика, киім және аяқ киім үлкен сұранысқа ие. Көрсетілетін қызметтердің ішінде - әуе және теміржол билеттерін сату, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу. Руслан Дәленов Қазақстанда тамақ өнімдерінің және ауыл шаруашылығы тауарларының электрондық сауда көлемі 15,4 миллиард теңгені құрайтынын және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4 пайызын алатынын айтты. "Электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ. Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді. Интернет-сауда - бұл ауылдық жерлерде сауданы дамытуға тамаша мүмкіндік", - деді ұлттық экономика министрі. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан. Бүгінгі таңда бізде Қазақстан аумағы арқылы интернет-сәлемдемелердің қазіргі көлемін қайта жөнелту үшін барлық инфрақұрылымдық және рәсімдік мүмкіндіктер бар. Биылғы 2 сәуірде бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Заң қабылданды. Онда электрондық сауданы одан әрі дамыту үшін жүйелі шаралар енгізілді. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде электрондық коммерция ұғымы бекітілген. Ол тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты күшейтілді. Енді электрондық саудадағы сатып алушы кәдімгі саудағыдай деңгейде қорғалған. Экспортқа тауарларды мағлұмдау тәртібі оңайлатылған. Сондай-ақ, электронды сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің шектері айқындалды. Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері (КТС пен ЖТС-ті 100 пайызға төмендету) көзделген. Оларды алуға бизнес субъектілерінен 509 тапсырыс берілді. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін онлайн бақылау-касса машиналары және ERP жүйелерін (Enterprise Resource Planning - кәсіпорын ресурстарын жоспарлау) сатып алуға арналған шығындар салығын төлеу есебінен мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру көзделген. Екі жылдың ішінде 120 мың теңгеге дейін өтеу көзделінген. Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық Банк мобильді телефонды төлеу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді (2018 жылғы 7 қыркүйектен бастап). Қолжетімді және жоғары технологиялық инфрақұрылым - электронды сауданы дамытудың маңызды факторлары. Сондықтан заңнамалық тұрғыдан экспортқа шығарылатын тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілген. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады. Е-коммерция үшін инфрақұрылым мен сервистерді дамыту туралы ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндады. Бөлшек сауданың жалпы көлемінде электрондық сауда үлесінің жоспарлы көрсеткіші орындалды және 2,9 пайыз болды. 2025 жылы электронды сауда бөлшек сауданың 24 пайыз құрайды. Сонымен қатар, онлайн-сатып алушылардың саны 2018 жылы 2,32 миллион адам болды. Ол тиісінше, 2025 жылы 15 миллионға жетеді. 2018 жылы электронды коммерцияда 43 мың жұмыс орны құрылды. Өткен жылы электрондық сауда саласында заңнаманы жетілдіру шаралары қабылданды. Соның нәтижесінде жаңа Салық кодексінде бизнеске ыңғайлы нормалар енгізілді, ұғымдық аппарат кеңейтілді тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаты бекітілді. "Интернет электрондық сауданың дамуына тікелей әсер етеді. Сол себепті, Министрлік ҚР ауылдық елді мекендерін кеңжолақты Интернетке қосу бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр, оның ішінде, байланыстың талшықты-оптикалық технологиялары мен LTE және спутниктік технологиялар қолданылады. Қажетті телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру нәтижесінде 2022 жылы ауылдық елді мекендердің 100 пайызы кеңжолақты интернетпен қамтылады", - деді А. Жұмағалиев. 4 бағыт  (базовые цифровые навыки, навыки open gov, навыки e-gov, навыки e-commerce) бойынша 12,3 миллион жуық адамды цифрлық дағдыларына оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Қолда бар міндеттер шеңберінде мобильді төлем жүйелерін қалыптастыру, өзара есеп айырысу ставкаларын төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту жүргізілуде, бұл көлеңкелі сауданың төмендеуіне ықпал етеді. Атқарылып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанның электрондық коммерция нарығы тұрақты жыл сайынғы өсімді көрсетіп отыр. Тек өткен жылы қазақстандық электрондық сауда интернет-сайттарында сауда 34 пайызға артты. 2025 жылға қарай 282 пайызға ұлғаюы күтілуде. Жыл сайын отандық және шетелдік сәлемдемелер саны артып келе жатқаны атап өтілді. Қазақстанның ыңғайлы географиялық орналасуына байланысты электрондық сауда шеңберінде жоғары транзиттік әлеуеті бар. Қазақстан - Еуропа мен Қытай арасындағы ең қысқа жол. Елдің транзиттік әлеуетін пайдалану үшін бонд қоймаларын (еск. - белгілі бір кеденге тиесілі, импорттық тауарларды сақтауға арналған қойма) құру, басқа елдердің пошта операторларымен, сондай-ақ ірі сауда интернет алаңдарымен шарттар мен келісімдер жасасу жөнінде жұмыс жүргізу қажет. ҚР ЦДҚАӨМ болжамы бойынша, Қытайдан Ресейге және ЕО елдеріне жеткізілетін сәлемдемелер көлемі геометриялық прогрессия бойынша артады.  2025 жылы Қазақстан арқылы жіберілетін пошта көлемі 12 есеге артады және бағалау саны бойынша 800 миллион сәлемдемені құрайтын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін интернет арқылы сатудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ынталандыру және ұлғайту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы бизнесін ірі интернет-сауда алаңдарына шығару қажет. Электронды сауда құырылмы туралы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов баяндады. Пошта инфрақұрылымын дамыту "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ трансформациялау бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бүгінде Қазақстанда пошта саласының барлық заманауи инфрақұрылымы енгізілген. Алматы қаласында тәулігіне 120 мың сәлемдемені өңдеуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған сұрыптау машинасы орнатылды. Fullfilment орталықтар (еск. - логистикалық орталық, онда интернет дүкендердің иелері тауарларды қабылдауды, өңдеуді, сақтауды, қадағалауды және түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізуді қамтитын толық қызметтер кешенін ала алады) мен электрондық коммерция орталықтары іске қосылды. Көлік паркі жаңартылды. Пошта-логистикалық қызметтердің толық спектрімен онлайн тапсырыстарға төлем жасаған кезде төлем карточкалары мен электрондық ақшаларды қабылдауға арналған Рaypost интернет-эквайринг іске қосылды. Сонымен қоса, сәлемдемелер супермаркеттері желісін дамыту жалғасуда. Сәлемдемелерді алу уақыты 20 минуттан 2 минутқа дейін қысқарды. Бүгінде 214 супермаркет пен 151 почтомат жұмыс істейді.
https://kaz.tengrinews.kz
14 мамыр 2019 ж. 751 0