Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 643 МЫҢ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ 30% ӨСЕДІ - ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

643 МЫҢ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ 30% ӨСЕДІ - ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады. Атап айтқанда, еңбекақы мөлшерін ұлғайту және моно, шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қаржыландыру мәселелері қозғалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратprimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰЭМ деректері бойынша, өзге салалар жұмыскерлері мен техникалық персоналдың жалақысы 30%-ға артады. 643 407 жұмыскер қамтылады. Бұл — әлеуметтік жұмыскерлер, кітапханашылар, орманшылар, ветеринар дәрігерлер, іс жүргізушілер, аула сыпырушылар, техникалық персонал және т.б.
«Егер орташа жалақы 69 мың теңгені құраса, енді 90 мың теңгені құрайды. Қосымша қажеттілік 459,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылы – 90,7 млрд теңге», — деді ұлттық экономика министрі.Бұл 78 мың әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жалақыларына қатысты болады. Олар жергілікті деңгейдегі жұмыскерлер: сарапшылар, жетекші мамандар, бас мамандар. Олар облыстарда, аудандарда, ауылдарда жұмыс істейтін адамдар. Орташа өсім 25% құрайды.
«Бас маманның орташа жалақысы 84 мың теңгені құраса, енді 100 мың теңге болады. Қосымша қажеттілік 76,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2019 жылы – 15,3 млрд теңге», — деп нақтылады Р. Дәленов.Бұдан өзге, ұлттық экономика министрінің айтуынша, моно және шағын қалаларды дамытуға жылына 10 млрд теңге бөлінеді. Бұл моно және шағын қалалардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 100 жобасын салуды немесе реконструкциялауды қамтамасыз етеді.
«Перспективалық ауылдарды дамыту үшін "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасы қаржыландырылады. Бұған 3 жылда 90 млрд теңге бөлінеді. 1,5 мыңға жуық перспективалық ауылдар қамтылады. Перспективалық санына, орналасқан орнына, даму әлеуетіне және т.б. байланысты анықталады», — деді Р. Дәленов.
ult.kz
28 ақпан 2019 ж. 1 106 0