Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың тапсырмасымен: Шенеуніктер Үкімет үйіне жиналған көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдады

Тоқаевтың тапсырмасымен: Шенеуніктер Үкімет үйіне жиналған көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдады

Президент әкімдігінің жетекшісі және үкімет өкілі Бақытжан Сағынтаев көпбалалы аналармен кездесті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды,

"Менің тапсырмаммен президент әкімдігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев пен үкімет өкілдері көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Олардың мәселелерін ертең жұмыс тобы қарайтын болады. Қиындықтарды заң аясында, сабыр жолымен шешу керек", - деп жазды мемлекет басшысы желідегі парақшасында. 
Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналар Үкімет үйі маңына жиналып, үй мәселесін шешіп беруді сұрады. Көпбалалы аналар алғашқы 10% жарнаны және ипотека бойыншы жылдық 2% мөлшерлемені алып тастауды, сондай-ақ, үйді жалға емес, бірден иелікке беруді талап етті. 
Әйелдерді тыңдауға вице-премьер Гүлшара Әбдіқалова, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Бақыт Сұлтанов шықты. Шенеуніктер жиналған қауымды сабырлы болуға шақырды. Кейін Сапарбаев, Сұлтанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев көпбалалы аналарды қабылдады
04 маусым 2019 ж. 575 0