Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нығматулин Шәмшидиноваға: Қыркүйекте балалар мектепке барады, ал сіз бізге мәжіліске келесіз

Нығматулин Шәмшидиноваға: Қыркүйекте балалар мектепке барады, ал сіз бізге мәжіліске келесіз

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның пленарлық отырысында бірқатар маңызды мәселені көтерді. Депутаттар талқылау барысында білім беру жүйесіне айрықша назар аударды,

Жекелей алғанда, депутаттар пән мұғалімдерінің ағылшын тілін үйрену сапасына назар аударылды. Мәжілісмендер мұғалімдерге қосымша төлем төлеудің негізгі критериі білім беру сапасы емес, сертификаттың бар-жоғы болып табылатынын сұрады. 
«Демек тіл білгені үшін емес, «Сертификат» деп аталатын А4 түріндегі қағаз үшін қосымша ақша төлеп отырсыздар ғой. Мұғалімдер арасындағы тіл білу деңгейін білдірмей отырған сияқтысыздар деген тұжырым туындайды. Оның не үшін жасалып отырғаны түсінікті. Бұл есептемелердегі көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік береді. Алайда нәтижесінде бұл барлық санаттағы мұғалімдердің ынтасын жояды және нағыз әділетсіздік болып табылады», - дейді Мәжіліс спикері білім және ғылым министріне. 
Сонымен қатар Нығматулин мұндай кәсіби емес қадам салдарынан білім сапасы зардап шегетінін атап өтті. 
«Ешкім мектепте пәндерді ағылшын тілінде өткізбеу керек демейді. Алайда бұл жұмысты дұрыс істеу керек. Ақылды жолмен, есептеме үшін емес», - дейді ол.
Өз кезегінде Шәмшидинова аталған мәселеге қатысты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 
«Бастапқыда барлығына бірдей ақы төлеу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта бұл мәселе министрлікте зерттеліп жатыр. біз кімге қосымша ақы төленуі тиіс, кімге төленбейді, соны нақты анықтасақ дейміз. Бұл мәселеге қатысты жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Шәмшидинова. 
Сондай-ақ, тіл үйрету курстарынан өткен пән мұғалімдерінің саны да депутаттар арасында сауал тудырды. Нығматулиннің сөзінше, бұл сандар министрліктің стратегиялық жоспарындағы көрсеткішке жасанды жолмен жетуге деген талпынысты еске салады. 
«Мұнда, жалпы білім беру саласында, тәртіп орнату керек. Себебі ол көптеген азаматқа, еліміздің болашағын құратын тұлғалардың қалыптасуына қатысты. Сондықтан қыркүйек айында сізді Мәжілісте «Үкімет сағатында» күтеміз. Қыркүйек айында балалар мектепке барады, ал сіз бізге, Мәжіліске, келесіз», - дейді Нығматулин білім және ғылым министрі Шәмшидиноваға.
http://stan.kz
05 маусым 2019 ж. 915 0