Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Құрмет деп білемін": Назарбаев депутаттарға алғысын айтты

"Құрмет деп білемін": Назарбаев депутаттарға алғысын айтты

Бүгін Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісі мен куәлігі салтанатты түрде табыс етілдіНҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне "Құрметті сенатор" мәртебесін берген депутаттарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгін сенатқа арнайы келіп, өздеріңізбен жүздескеніме өте қуаныштымын. Осы аласапыран отыз жылдың ішінде көпшілігіңізбен бірге келе жатырмыз. Қуанышты да, қиыншылықты да бірге өткіздік, елмен, жұртпен бірге қызмет істеп, еңбегіңізді сіңіріп келе жатырсыздар", - деді Назарбаев сенатта "Құрметті сенатор" төсбелгісі табысталғаннан кейін.
Тағы оқыңыз: "Құрметті сенатор" атанған Назарбаев жалақы ала ма?
Елбасы заңды сүзбеден өткізіп, өңірлердің ойын ескеру үшін әдейі осындай қос палаталы парламент құрғанын атап өтті.
"Маған "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаныңыз үшін шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін. Бұл біздің егемен еліміздің осы жылдардың ішінде  жасаған еңбегіме деген құрмет деп білемін", - деді ол.
Назарбаев тәуелсіздік жылдары парламент көп заң қабылдағанын, оның ішінде шиеленіскен заңдар да болғанын айтты. Дегенмен, сенат байсалдылықпен қарап, оның бәрін орнына келтіргенін атап өтті. 
"Сондықтан еліміз тыныш болды. Ешқандай жағдайға жол берген жоқпыз", - деді Елбасы.
https://sputniknews.kz
06 маусым 2019 ж. 194 0