Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы: Біздегі басты проблема - табыс көлемінің әртүрлі болуы

Мемлекет басшысы: Біздегі басты проблема - табыс көлемінің әртүрлі болуы

Тұрғындар табысының әртүрлі болуына қатысты шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде айтты

"Халықты алаңдатып отырған ең басты мәселе - табыстың азаюы. Халықаралық қаржы нарығының тұрақсыздануы, теңгенің құлдырауы жергілікті халықтың табысына кері әсерін тигізді. Біздің миллионнан астам азаматымыз банктерден несие алуға міндетті болды. Қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі - халық табысының әртүрлі болуы", - деді Тоқаев. 
Әрі қарай ол мұндай проблеманың тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде бар екеніне тоқталды. 
"Бұл проблеманың барлығында бар екенін ескерсек те, оны назардан тыс қалдыра алмаймыз. Осы өзекті мәселені шешуге қатысты шұғыл қандай да бір шаралар қабылдауымыз қажет", - деді мемлекет басшысы. 
Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусым күні өткен сайлау кезінде 70,76% дауыспен жеңіске жеткен болатын.
12 маусым 2019 ж. 778 0