Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Саяси салмағы басым": Абаев кейбір президентікке үміткердің неге дебатқа келмегенін түсіндірді

"Саяси салмағы басым": Абаев кейбір президентікке үміткердің неге дебатқа келмегенін түсіндірді

Абаев әлемде президентікке үміткердің орнына дебатқа сенімді өкілдің қатысуы әлемдік тәжірибеде бар екенін айтты,

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары еуразиялық кеңестің шараларынан қолы тимегендіктен, президентікке үміткерлердің теледебатына қатыса алмады, деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 
Мұнымен қатар, ол үш үміткердің қатыса алмауына қарамастан, теледебаттың сәтті өткенін айтады. 
"Кандидаттың орнына сенімді өкілінің қатысуы әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Бұған қатысты әртүрлі себеп болуы мүмкін", - деді ол "Хабар" арнасының "Ашық әңгіме" бағдарламасында. 
Оның айтуынша, сол күні жоғары еуразиялық кеңестің отырысы өтуіне байланысты Тоқаев бұл дебатқа қатыса алмаған. Басқа үміткерлер де әртүрлі себеппен қатыспаған болуы мүмкін. 
"Үміткерлердің дебатты саяси күресте ең әсерлі құрал деп ойламайтын кездері болады. Сондай-ақ, үміткердің бағдарламасы мен саяси салмағы басқалардан артық болып, мұндай шараға қатыспағаны дұрыс шешім болып табылатын кездер де болады", - деп қосты Абаев. 
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер азаматтардың теледебаты 29 мамыр күні "Хабар" арнасында өткен болатын.
31 мамыр 2019 ж. 1 007 0