Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде "Анашым, біз үйдеміз" атты әлеуметтік тележоба басталады

Елімізде "Анашым, біз үйдеміз" атты әлеуметтік тележоба басталады

Елімізде «Анашым, біз үйдеміз» деп аталатын жоба көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік тележоба басталады
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.  Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды демеу мақсатында жасалып жатқан шара аясында мұндай отбасылардың баспаналары күрделі жөндеуден өткізіледі. Ол үшін алдымен іріктеуден өту керек. Басты талаптары: міндетті түрде отбасы көп балалы болуы және жеке баспанасы болуы тиіс. Және іріктеуге қатысу үшін отбасы туралы әдемі әңгіме жазу керек.
Дәурен Абаев,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: "Жыл сайын көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың өзінде атаулы әлеуметтік көмекпен қатар 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын" -деді.
16 мамыр 2019 ж. 1 970 0