Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджеттен 130 млн бөлінді: Қазақстанда көпбалалы отбасылардың үйін тегін жөндеп беретін бағдарлама ашылмақ

Бюджеттен 130 млн бөлінді: Қазақстанда көпбалалы отбасылардың үйін тегін жөндеп беретін бағдарлама ашылмақ

31 арна ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған «Анашым, біз үйдеміз» атты телеөнім әзірлейді. Жобаға қатысатын 24 көпбалалы отбасы таңдап алынып, олардың баспанасына тегін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды демеу - елдегі басты бағыттардың бірі. Жыл сайын көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылады. Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 40 мың жалдамалы пәтер құрылысына қатысты жаңа іс-шаралар қолға алынды. Біздің министрлігіміз де көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 31 арнамен бірлесе «Анашым, біз үйдеміз» атты жаңа жобаны көрермен назарына ұсынбақпыз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 
Ол телекөрермендер «Анашым, біз үйдеміз» жобасының кейіпкерлерімен жан-жақты танысып, олардың оқиғалары ешкімді бей-жай қалдырмайтынын жеткізді.
31 арнаның бас директоры Юрий Бродский жоба арқылы жағдайы жоқ бірнеше отбасыны бақытты етіп, оларға жөнделген баспана, ал телекөрермендерге позитивті энергия сыйлауды қалайтынын жеткізді. Оның сөзінше, тележобаға қатысатын көпбалалы отбасыларды арнада құрылатын комиссия іріктеп алады. 
"Олардың оқиғасын тыңдаймыз. Қатысушы үйін қалай көргісі келеді, қандай болғанын қалайды, осының бәрін ескеріп толыққанды жоба жасауға тырысамыз. Формат өте қымбат. Алғашқы маусымда түсірілетін 24 эпизодқа 24 отбасы қатысады. Жоба әрі қарай жалғасады деп ойламыз. Ал бағдарлама жүргізушісі кастингпен таңдалады", - деді Дәурен Абаев. 
Ақпарат және қоғамдық даму министрі мемлекет тарапынан жобаға 130 млн теңге бөлінетінін айтты. Сондай-ақ, жоба ірі қалаларды ғана емес, Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. 
Жобаны дайындау 15 мамырда басталады. Оған қатысу үшін өтініштерді dom@31.kz электронды поштасына жіберу керек немесе +7 708 26 77 326 телефон нөмірі арқылы жоба координаторымен байланысу қажет. Ал тамыздың 11-інен бастап 31 арна көрермендері әр отбасымен жеке танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейгенін, қуанышын көре алады.
http://stan.kz
15 мамыр 2019 ж. 714 0