Президенттікке үміткерлер арасында теледебат тікелей эфирде өтеді

«Менің білуімше, Қазақстанда Президент сайлауына түсетін үміткерлер арасында теледебат өтеді және ол тікелей эфирде ұйымдастырылады. Қалғанын толығырақ кейін білетін боласыздар», – деді Дәурен Абаев.
Соңғы рет президенттікке үміткерлер арасында тікелей эфирде теледебат 2005 жылғы сайлаудың алдында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, биылғы кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымға жоспарлаған. Ресми түрде 7 кандидат тіркелді. 11 мамырда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті.