Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды

Президент сайлауы: соңғы минуттарда тағы бір кандидат құжат тапсырды

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі президенттікке экс-депутат Жұматай Әлиевтің кандидатурасын ұсынды. Ол  құжаттарын жексенбі Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Жұматай Әлиев сайлауға түсуге келісетіні туралы өтініш жазған. Комиссия есепшотына сайлау жарнасы (2 миллион 125 мың теңге – Sputnik) түсті.  
Жуматай Алиев

Жұматай Әлиев деген кім?
Жұматай Әлиев – V шақырылымдағы парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты.
Ол 1952 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысы Байқадам ауылында дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін философ, ал Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.
Еңбек жолы
Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.
Әр жылдары Орталық Азия университетінің президенті, ректоры, ҚР президенті әкімшілігі қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, президент әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2012–2016 жылдары бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.
Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Қазақстан президенттігіне үміткерлер
Жексенбі, 28 сәуір – президенттікке үміткерлерді ұсынатын соңғы күн. Сонымен, мемлекет басшысы болғысы келетін тоғыз кандидаттың есімі белгілі болды, олар:
  • Қасым-Жомарт Токаев  – Nur Otan партиясынан;
  • Дания Еспаева – "Ақ жол" партиясынан;
  • Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистік халық партиясынан;
  • Төлеутай Рақымбеков – "Ауыл" партиясынан;
  • Сәдібек Түгел –"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен;
  • Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтары федерациясынан;
  • Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" ұлттық-патриоттық қозғалысынан;
  • Талғат Ерғалиев – Қазақстан құрылысшылары одағынан;
  • Жұматай Әлиев - "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.
  • sputniknews.kz
28 сәуір 2019 ж. 1 042 0