Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адалдық, әділдік және демократия": Тоқаев сайлауға қатысты не нәрсеге алаңдап отырғанын айтты

"Адалдық, әділдік және демократия": Тоқаев сайлауға қатысты не нәрсеге алаңдап отырғанын айтты

Алматы қаласында өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиафорумның ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған сөзін Дәурен Абаев оқыды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Президент бүгінгі таңда сайлау қорытындысына IT технологиялардың айтарлықтай әсер етіп отырғанына алаңдағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік институттардың интернет пен әлеуметтік желінің жағымсыз тұстарына алаңдап отырғанын жеткізді. 
«Халықаралық ұйымдар адамдарға тиесілі ақпараттың күтпеген жерден қолды болуына алаңдап отыр. Бұдан өзге саяси процестер мен сайлауға цирфлық технологиялардың белсенді түрде араласу мәселесі де назар аударуға тұрады. Адамдарға дәл қазір осы жағдайларға байланысты иммунитет керек», - деп оқыды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев форум кезінде. 
Президент осы секілді және өзге де проблемалар медиабірлестіктерде қаралуы тиіс деген пікірде. Сондай-ақ, ол 9 маусым күні елде кезектен тыс сайлау өтетініне тоқталды. 
«Қазақстан президенті ретінде сайлаудың барынша адал, әділ және демократияның негізінде өткенін қалаймын. Сол себепті халықаралық бақылау делегациясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының осы процеске араласатынына қуаныштымын», - деп қорытты Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.
http://stan.kz/
23 мамыр 2019 ж. 1 051 0