АВТОКӨЛІК НЕСИЕСІ АРЗАНДАЙДЫ

Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Өйткені, екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз. Бұл – халық үшін тиімсіз. Соған қарамастан, автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. Былтыр екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгенің 92,5 мың автонесиесін берген. Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. «Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланысты басқа да салалардың дамуына себепші болары анық. Жаңа жұмыс орындарының ашылып, инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді», - дейді мамандар.