Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа министрліктер құруға қанша қаржы кететіні белгілі болды

Жаңа министрліктер құруға қанша қаржы кететіні белгілі болды

Қазақстанда жаңа министрліктерді құруға қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді,

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция, сондай-ақ, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру туралы қаулы қабылдаған болатын.
Бұдан басқа, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өзінің барлық қорғаныс өкілеттігін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ұлттық экономика министрлігіне береді. 
«Бұл барлық министрлікке бөлінген қаражат лимиті шегінде қалады. Мұнда функцияларды, тиісті қаражат пен қызметкерлерді қайта бөлу туралы сөз болып отыр», - деді Смайылов үкімет отырысында.
Смайылов қазақстандық тауарларды шетел нарықтарында ілгерілету саясатын күшейту қажет екенін айтты. Оның айтуынша, ішкі нарықты сапасыз импорттық тауарлардан қорғаудың тиімділігін арттыру керек.
«Әлемдік аренада мемлекеттер арасындағы сауда-протекционистік соғыс күшейді. Өңірде көрші елдер кейбір тауарларға кедендік баж салығын төмендету бойынша шаралар енгізіп жатқанын байқаймыз. Бұл өз кезегінде олардың өнімдерін бәсекеге қабілетті етеді. Біз өткізу нарықтарында күрес жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл күрес күшейе түскен соң осы саладағы саясатымызды күшейту қажет деген шешім қабылдадық. Сондықтан аталған министрлік құрылды», - деді Смайылов.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы бұрынғы елорда әкімі Бақыт Сұлтановты жаңа ведомство – сауда және интеграция министрлігіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

http://stan.kz 

18 маусым 2019 ж. 689 0