Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет түрлерін саусақ іздері арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызмет түрлерін саусақ іздері арқылы алуға болады

Қазақстан тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтерін саусақ іздері арқылы пайдалана алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook-гі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, саусақ іздері мен түрін пайдаланатын «Биометрия» жобасы ХҚКО мен egov.kz порталында жеке сәйкестендіру паролін сұрау кезінде қолдануға болады.
Биометриялық база деректеріне тіркелу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы  EXPO аймағындағы Электронды қызмет орталығына жүгінуге болады, ал Алматы қаласында Бостандық ауданындағы ХҚКО тіркейді, Қызылорда қаласында Мұратбаев көшесі 2е, №1 бөлімде тіркелуге болады.
Мурат Жуманбай сонымен қатар, саусақ ізі мен бет келбет арқылы ХҚКО-ғы барлық мемлекеттік қызметті және қоғамдық қол жеткізу орнынан мекенжай анықтамасы мен жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы екі қызметті алуға болатынын айтады.
Оның мәліметінше дәл қазіргі уақытта биометриялық деректер базасына 14 мың 299 адам тіркелген.
19 маусым 2019 ж. 1 129 0