Былтыр 551 жаңа балабақша мен 62 мектеп пайдалануға берілді
Бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы білім мен денсаулық саласына бөлінген республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары мемлекетті дамытуда білім саласы маңызды рөл атқаратынын айтты. Өткен жылы бұл сала 474 млрд теңгеге қаржыландырылған.
«2018 жылы балабақшалардың саны 10 314 құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 551-ге көбейді. Ол 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 95,2% деңгейінде қамтуға мүмкіндік берді. 62 мектеп пайдалануға берілді», - деп айтты Қаржы министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Оның айтуынша, денсаулық саласына 1 трлн 71 млрд теңге бөлініп, оның 955 млрд теңгесі халықты кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қаматамасыз етуге бағытталған.
«Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 4,3%; қатерлі ісіктерден өлім 2,5% төмендеді. 4 млн 905 мың адам вакцинациядан өтті», - деді Смайылов.

https://baq.kz