Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық есебінен: Биыл бюджетке түскен қаржы 510 млрд теңгеге артқан

Салық есебінен: Биыл бюджетке түскен қаржы 510 млрд теңгеге артқан

Жыл басынан бері мемлекеттік бюджет 4 трлн теңгеге артқан. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді,

Қаржы министрінің сөзінше, бюджетке түсетін түсім 510 млрд теңгеге артқан. Ол негізінен қазақстандықтардың салықтық төлемінің есебінен екен. Бұл орайда кірістердің өсуі мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттерден де байқалған. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаржысын тиімді түрде игеру тапсырылды.
«2018 жылдың 5 айымен салыстырғанда, шығындарды өтеу жақсарған. Жоспар негізінен салықтың, экспорттық баж салығының мөлшерлемесінің, тауарларды өндірудің артуының есебінен артығымен орындалған. Республикалық бюджетте өңірлерге 631 млрд теңге қарастырылған. Тағы 300 млрд теңгеге жуық ақша құрылыс саласына бөлінеді», - дейді Сымайылов.
http://stan.kz
11 маусым 2019 ж. 1 138 0