Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыс қаласына 500 әскери қызметші келіп жетті

Арыс қаласына 500 әскери қызметші келіп жетті

Арыс қаласына Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді,"Тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсету және Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді. Оқиға болған орында Ұлттық ұланның іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штабы бастығы Андрей Каскеленов реттейді", - делінген хабарламада.  Осыған дейін, Арысқа 120 полицей аттанғаны хабарланған еді.
24 маусым 2019 ж. 927 0