Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтауда әскери қызметші өзіне қол салды

Ақтауда әскери қызметші өзіне қол салды

Ақтауда әскери бөлімшеде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші өзіне қол салды. Әскери қызметшінің асылып өлгені туралы КТК арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

№25425 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген 24 жастағы Нұрлан Ерназаров өлі табылды.
Қазір әскери қызметшінің өзіне қол салуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, оқиға орнында ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімі, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құрылған топ жұмыс істеуде. Әскери қызметшінің не себептен өзіне қол салғаны әзірге белгісіз, бұл жайдай зерттелуде. Әскери тергеушілер Ақтау гарнизонының 25425 әскери бөлімінде болған жағдайды, Нұрлан Ерназаров мәжбүрліктен өзіне қол салды ма, әлі оған басқа себеп барма оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысуда.
Әскери бөлімдегілер Нұрлан Ерназаров әріптестерімен және басшылармен жақсы қарым-қатыснаста болғанын хабарлады. Ол келісімшарт бойынша екінші мерзімге қызмет етуге қалған. Оның аыслып тұрғар денесін досы тауып алды. Алайда, әріптестері ол өзіне қол салатындай ешкіммен қақтығысқа түспеген және қайғылы жағдайға ешқандай алғышарт жоқ екенін айтуда.
Алдын-ала мәліметке сәйкес, оның суицид жасау себебі әскери қызметті өтеуіне байланысты емес. Тергеушілер тергеу шаралары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат хабарланатынын айтты.
Stan.kz
11 қазан 2018 ж. 1 116 0