Біз заманауи, кәсіби және дербес сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Астана" халықаралық қаржы орталығының құрылуы Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін жасаған қадамдарының бірі саналады. "Біз мұның биік мақсат екенін түсінеміз. Ол тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді, әртараптандыруды, жаңа инвестиция мен технологияны тартуды талап етеді. Біз реформалардан қорықпаймыз. Сондықтан, бұрынғы КСРО аумағында алғаш рет ағылшын құқығы сот төрелігінің жалпы жүйесі аясында елімізде табысты қолданылып" отыр, - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығында исламдық қаржыландыру, адам капиталын, инновация мен цифрландыруды дамыту, стартап-жобаларды қолдау салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалардың мамандандырылған көрмесін аралап көрді. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысымен танысты.