Жыл сайын 6 мың көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтылады

ҚР Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға тұрғын үй алуға жылдық 2%-бен 10% алғашқы жарнамен жеңілдетілген несие беруді бастады. Бұл мақсаттарға үш жыл ішінде 150 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жыл сайын әлеуметтік көмекпен 6 мың отбасы қамылатын болады. ҚР Ұлттық банкімен бірге жалдамалы тұрғын үйді дамытуға жеке инвесторларды тарту тетігі әзірленуде, осының есебінен қосымша 10 мың жалдамалы пәтер салуға мүмкіндік береді және жылына 20 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік тұрғын үйді үйлестіру тетігін жетілдіру және бұл процесстердің айқындылығын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін Бірыңғай республикалық автоматтандырылған кезекте тұрушылардың базасы құрылуда. Азаматтар өз кезектерінің жылжуын онлайн режимде қадағай алады. "Жалпы қабылданып отырған шаралар тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары уақытылы және толық орындалатын болады", - деді министр.