Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

Қазақстандық жастар 10-12 мың теңгеге жалдамалы баспананы қалай ала алады? Вице-министр түсіндірді

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова үкіметтің баспасөз конференциясында қазақстандық жастардың жалдамалы баспананы 10-12 мың теңгеге қалай ала алатынын түсіндірді

Хабарланғандай, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1 000 пәтер бөлінетін болады. 
Омарбекованың сөзінше, жастарға жалдамалы баспана беру бағдарламасы бойынша құжаттар қыркүйек айынан қабылдана бастайды. 
«Ережелер 1 тамызда біздің сайтымызда жарияланады. Алдымен, олар - 29 жасқа толмаған жастар. Егер олардың отбасы болса, асырауында мүгедек ата-анасы немесе мүгедек балалары болса, қосымша бонус беріледі. Жалдамалы баспана 3 жылдан 5 жылға дейін берілетін болады. Жергілік атқарушы билікпен және басқа да министрліктермен бірге шарттарын дайындап жатырмыз», - дейді вице-министр. 
Жалдамалы пәтер берудің негізгі шарты – өз баспанасын алу үшін қаржы жинау бойынша қазақстандық бағдарламалардың біріне қатысу. 
«Әзірге сол жалдамалы баспанада 3 жылдан 5 жылға дейін тұрып, 10-12 мың теңге төлейсіз. Адам ақша жинай алуы үшін осында сома көрсетіліп отыр. Ең басты шарт – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшот ашу немесе қандайда бір мемлекеттік бағдарламаға қатысу. Ол сіздің ақша жинап жатқаныңызға көз жеткізуіміз үшін қажет», - дейді вице-министр.
03 шілде 2019 ж. 688 0