Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңіздегі тәртіпсіздіктер: Негізгі күдікті тұтқындалды

Теңіздегі тәртіпсіздіктер: Негізгі күдікті тұтқындалды

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіздегі тәртіпсіздіктерден кейін тұтқындалғандар туралы айтты

Министрдің сөзінше, тәртіпсіздіктерден кейін бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
«Жарақаттау және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Әр қылмыс құрамында сыбайластар бар. Қазір бізде негізгі күдікті бар. Тұтқындалды. Тағы бірнеше күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Тұрғымбаев. 
ІІМ басшысының сөзінше, айыпталушылардың қылмысының бағалануы аталған қылмысқа қатысына байланысты әртүрлі болады.
Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды. 
Тәртіптісіздіктер кезінде 45 адам зардап шекті. Олардың ішінде 4 қазақстандық бар.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 732 0