Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті тұтқындалды

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші күдікті тұтқындалды

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аясында үшінші күдікті ұсталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Оның мәліметінше, бүгінде ҚР ҚК-ның «Топпен қасақана адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Үшінші адам қылмыс туралы хабар бермегені үшін қамауға алынды. Жиналған айғақтар жеткілікті, прокурор заңдылықты тексеріп жатыр, сот қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады», – дейді Ахметжанов бүгін өткен брифингте.
Өз сөзінде ол Қазақстанның Бас прокуроры аталған істі өз бақылауына алғанын, өндірістік прокурор тағайындалғанын айтты.
Ахметжанов тергеу құпиясына байланысты, үшінші күдікті туралы мәлімет беруден бас тартты.
«Күдікті қылмыс туралы білген. Алайда хабарламаған. Тергеу барысы туралы ішкі істер органдары мәлімет беретін болады», – дейді Бас прокурордың орынбасары.

Stan.kz​​​
27 шілде 2018 ж. 1 342 0