Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді

Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі: Білім министрі Тоқаевтың жазбасына жауап берді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысының Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты желідегі жазбасына жауап берді,

Еске сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің мәселесін шешуді тапсырған еді. 
Өз кезегінде білім министрі аталған мәселеге қатысты тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қостанай қаласындағы қазақ мектебі мәселесіне қатысты берген тапсырмасына сай тиісті шаралар қабылданды.
Мектеп өз жұмысын жалғастыра береді. Материалдық базасы жақсартылады. Сараптама жұмыстарының нәтижесіне қарай, қажет болса жөндеу жұмыстарын да жүргізетін боламыз», - деп жазды Аймағамбетов Facebook желісінде.
Сонымен қатар, министрдің сөзінше, Қостанай қаласында 1 қыркүйекке дейін тағы бір қазақ мектебін ашу жұмыстары жүргізілуде.
«Министрлік аталмыш мектепке қатысты мәселені арнайы бақылауда ұстайтынын xабарлаймын», - дейді білім министрі.
https://stan.kz
04 шілде 2019 ж. 696 0