Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебінің мәселесін шешуді тапсырды

Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебінің мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің мәселесін шешуді тапсырды,

«Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», - деп жазды президент Twitter желісінде.
БАҚ мәліметінше, ата-аналар Қостанайдағы жалғыз қазақ мектебі – Сырбай Мәуленов атындағы №24 гимназияның ахуалының нашарлығына шағымданған.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 774 0