Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайдағы жойқын жарылыстың себебі белгілі болды

Қостанайдағы жойқын жарылыстың себебі белгілі болды

Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясындағы жойқын жарылысқа көліктегі газ құрылғысында саңылау пайда болуы себеп болған. Облыстық ТЖД басшысы Талғат Кәкімов болған жайттың ресми нұсқасын мәлімдеді.

Кәкімовтың сөзінше, қазіргі уақытта оқиға орнындағы үйіндіні тексеру бойынша жұмыстар аяқталған. 17 газ баллоны эвакуацияланды, дейді ол. 
ТЖД басшысы жарылысқа көліктегі газ құрылғысында саңылау пайда болуы себеп болғанын айтты.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 
Еске сала кетсек, 17 маусымда Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станциясы мен жылдам тамақтану орны орналасқан екі қабатты ғимаратта жарылыс болып, күл-талқаны шықты. Оқиғадан жеті адам зардап шегіп, бесеуі ауруханаға жедел жеткізілді. Екі адам бас жарақатын алып, жансақтау бөлімінде жатқандар бар. Зерттеу нәтижелері бойынша адамдарды екінші және үшінші дәрежелі күйік шалған.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 663 0