Мемлекеттен жасалып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу керек - Президент Бекболат Тілеуханды қабылдады
Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты. Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде "Абай жылын" атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
https://kaz.tengrinews.kz