Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекболат Тілеуханға айып тағылды

Бекболат Тілеуханға айып тағылды

Әйгілі композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің әнін Бекболат Тілеухан ұрлап алды. Бұл туралы Құрманғалиевтің келіні Ләйлә Құрманғалиева айтты. Оның айтуынша, «Елім менің» әні  Ғарифолла Құрманғалиевке тиесілі.Жазушы Бөрібай Кәртен желіде Халық әртісі, әнші Ләйлә Құранғалиевамен болған сұхбатын жариялады.
«Бекболат Тілеухан біздің отбасымызбен алғаш 1989 жылы танысты. Оны дәлелдеп беретін куәлеріміз бар. Ал, «Елім менің» әнінің авторы Ғарифолла Құрманғалиев. Бұл әннің ұрланғанын үйде ән нотасы жазылған қағаз жоғалып кеткен соң білдік. Оны үйден Бекболат Тәлеухан ұрлап әкеткен. Ал, әннің қолмен жазылған түпнұсқасы қолымызда сақтаулы. Бұл оның дәлелі. Бекболат бұл мәселе үшін қызым Меруерт Санатқызын қорқытып, ол туралы өсек таратты», — деді Құрманғалиева.
Әншінің айтуынша, әнді атасы 1977 жылы жазып, нотаға түсірген.
«Мен 72 жастамын. Бұл жаста ешкімге жалған кінә артпаймын. Әділетті талап етем. Әннің өз отбасына қайтуын қалаймын», — дейді ол.
Бұған дейін блогер Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханды ән ұрлады деп айыптап, «Елім менің» әнінің нотасын жариялаған еді.
Тілуханның орындауындағы «Елім менің» әні нақты осы әуенді қайталайды. Бұны Ғарифолла Құрманғалиев 70-жылдары жазған. Сараптамада сиямен жазылған қағаздағы нотаның 70-жылдарыжазылғанын анықталды», — деп атап өтті блогер нота суретін жариялай отырып.
qaa.kz
26 наурыз 2019 ж. 2 882 0