Тоқаев шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысы туралы пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында шетелдіктер мен жергілікті мамандардың айлық жалақысы туралы пікір білдірді, "Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды", - деді Президент. Айта кетейік, Тоқаев кеше Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Аймақ жұртшылығымен кездесу барысында Президент сондай-ақ Жайық өзеніндегі экология және балықтардың қырылуы жайлы да айтты.
https://kaz.tengrinews.kz